ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ФЕРТИЛДІК ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІ ПРЕГРАВИДАРЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚПЕН ҚАМТУ 45%-ҒА ДЕЙІН АРТАДЫ
Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдердің жағдайын бақылау мен диагностикалауды жақсарту үшін тиімді шаралар қабылдауда, жаңа скринингтік бағдарламалар енгізілуде, болашақ аналардың репродуктивтік функцияларын сақтауға мүмкіндік беретін акушерлікте инновациялық емдеу әдістері сәтті қолданылуда.
Соңғы 10 жылдың ішінде алғаш рет ана мен бала денсаулығын сақтау саласында нәресте өлімін 8,3%-ға, ана өлімін 12%-ға төмендету бойынша ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді.
«Әрбір әйел – әрбір бала» ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде 2024 жылы фертилдік жастағы әйелдердің арасында аурулардың профилактикасы жоспарында жаңа тәсілдерді іске асыруға қол жеткізілді, жүкті және босанатын әйелдердің маршруттары оңтайландырылды, акушерлік көмекті ұйымдастыру стандарттары өзектендірілді, босандыру қызметінің барлық қатысушыларын үйлестіру айтарлықтай күшейтілді, бұл аналар мен жаңа туған нәрестелер үшін қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.