Балалар кітап апталығы аясында «Ұлттық ойын – салауатты өмір салты» денсаулық марафоны өтті. Халқымыздың қазынасы болған ұлттық ойындарымыздың мазмұны мен маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу мақсатында өткізілген шараға Б.Момышұлы атындағы № 62 жалпы білім беретін орта мектептің 4 класс оқушылары қатысты. Ертеден келе жатқан ұлттық ойындарымыз насихатталып, оқушылар «Мыршым-мыршым» , «Теңге алу», «Арқан тартыс» ойындарын ойнап асық атудан сынға түсті. Марафонның шарықтау шегі оқырмандарымыздың ұлттық құндылықтарға қатысты сұрақтарға ұтымды жауап беріп, Ескен Елубайдың «Спорт жұмбақтары» кітабындағы жұмбақтарды шешуде тартысты ойын көрсеткінінде болды.
«Кел, бірге ойнайық!» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
