Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күніне «Төл теңге – ұлт тірегі» атты қызықты квест өтті. Балаларды ұлттық валюта — теңгенің тарихымен таныстыру, еліне деген патриоттық сезім мен мақтаныш рухын қалыптастыру, сондай-ақ қаржылық сауаттылықты, зейінділік пен шығармашылық қабілетті дамыту мақсатында өткізілген шараға №11 орта мектеп-гимназиясының 4 «Г» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында балалар Wordwall платформасындағы танымдық ойыны арқылы өз білімдерін сынап, теңге тарихы туралы қызықты мәліметтер алды. Сонымен қатар, «Доход/расход» ойыны үлкен қызығушылық тудырды. Бұл ойын балаларға жеке бюджет ұғымын түсінуге және қаржыны дұрыс бөлуге үйретті.
Шара барысында оқушылардың назарын «Ұлттық теңге – ұлт қазынасы» атты кітап көрмесі ерекше аудартты. Көрмеде ақша мен қаржылық сауаттылық туралы түрлі кітаптар қойылды. Бұл басылымдар жас оқырмандардың жас ерекшеліктеріне сай таңдалып, ақшаны дұрыс пайдалану, үнемдеу және мақсатты жұмсау туралы қызықты әрі түсінікті түрде әңгімелейді. Әрбір қатысушы теңге туралы жаңа мәліметтер біліп, еңбек пен ақшаға ұқыпты қараудың отбасы мен ел игілігі үшін маңызды екенін түсінді.
Провела увлекательный квест «Төл теңге – ұлт тірегі», посвящённый Дню национальной валюты Республики Казахстан. Участниками мероприятия стали ученики 4 «Г» класса средней школы-гимназии №11.
Цель квеста — познакомить детей с историей национальной валюты — тенге, воспитать чувство патриотизма и гордости за свою страну, а также развить финансовую грамотность, внимание и творческие способности.
В ходе мероприятия ребята приняли участие в познавательной игре на платформе Wordwall, где они проверили свои знания о истории тенге. Большой интерес вызвала также игра «Доход/расход», позволившая на практике разобраться с понятиями личного бюджета и распределения средств.
Особое внимание участников привлекла книжная выставка «Ұлттық теңге – ұлт қазынасы», на которой были представлены разнообразные книги о деньгах и финансовой грамотности, подобранные с учётом возраста






