Skip to content

Балалар кітап апталығының қортынды шарасы Оразақын Асқардың 90 жылдық мерейтойына…

Балалар кітап апталығының қортынды шарасы Оразақын Асқардың 90 жылдық мерейтойына арналған «Қос қоңырау» өлеңдер шеруін өткізді. Ақынның талантын оқырман жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу, ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту мақсатында өткізілген шараға №45 ЖББОМ, Ұ.Құлымбетов атындағы № 64 ЖББОМ, №2 мектеп-гимназияның, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің 4 класс оқушылары қатысты.
Оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, «Қазақстан егемен елім» әнін хормен орындады.
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» кітап көрмесі ұсынылып, библиографиялық шолу жасалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *