Skip to content

Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай «Сөз…

Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына орай «Сөз асылын жыр білер, қымбат жырды тіл білер» дәстүрлі «Байғанин оқуларының» қалалық кезеңін балаларды рухани дамытып, шығармашыл, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда үлкен үлес қосып жүрген серіктесіміз, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығымен бірлесе ұйымдастырды.
Нұрпейіс Байғаниннің жыр-дастандары арқылы салт-дәстүрлерді дәріптеу, кітап оқу мәдениетін жетілдіріп, өлкетану әдебиетін насихаттау мақсатында өткізілген байқауда сөз құдіретін бойына дарытқан, елінің үнін жыр етіп танытқан, жыраулық дәстүрдің көшін жалғаған ақынның жырлары жырланып, өлкелік ақын өлеңдері оқылды.
Ұлт тарихының маңызды белестерін халықпен бірге өткерген, жетпіс жыл жырлап, өз дәуіріндегі азаматтық тарихтың көркем шежіресін жасаған Нұрпейіс ақынның әрбір өлеңінен оның бойындағы сарқылмас күш-қуат, қажымас қайсарлық, риясыз шынайылық, терең парасат, мызғымас сенімділік төгіліп тұрады. Бүгінгі оқулар – оның рухани мұрасын ұрпақ санасына сіңіру жолындағы бір игі қадам болғанының дәлелі.
Қалалық кезеңнің жеңімпаздары ІІ кезең Батыс Қазақстан аймақтық «Байғанин оқуларына» жолдама алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *