Skip to content

Рухани ордамызда ерекше мәдени шара – жаңа ертегі кітабының таныстырылымы…

Рухани ордамызда ерекше мәдени шара – жаңа ертегі кітабының таныстырылымы ұйымдастырылды.
Автор мен оқырман арасындағы байланысты нығайтып,жаңа кітаптың кең аудиторияға таралуына ықпал ете отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат тұтқан шараның қонақтар:
Жұбаназар Асанов – филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары академиясының академигі,
Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауов – ақын, өнер зерттеушісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, білім беру және мәдениет саласының ардагарі.
Гүлімай Әбішқызы – ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Райгүл Алданышқызы – кәсіпкер, меценат.
Сондай-ақ шараға облыстық, қалалық кітапханаларының директорлары, Ақтөбе қаласының мектеп кітапханашылары, №1 музыка мектебінің#@muzshkola1_aktobe №8 орта мектебінің оқушылары, балалар шығармашылық үйінің «Сөз өнері үйірмесінің» оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. «Желкен» әдеби клубының мүшелері «Мен – бақытты ақынмын!» әдеби монтажын ұсынды.
Кітап авторы әдебиетке елеулі үлес қосып жүрген қаламгер, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлімай Әбішқызы оқырмандарға өзінің шығармашылық жолы мен кітаптың жазылу тарихы туралы баяндап, кітаптағы Едіге батыр бейнесі рухани құндылықтар негізін, бала бойына ұлтжандылық пен намысқойлықтың, өршіл рухтың дәнін егіп болашаққа сенімді қадам жасауға жетелейтінін атап көрсетті.
«Ер Едіге» кітабы жас оқырмандарды жақсылық пен мейірімділікке, адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеп, кітаптағы танымдық тапсырмалар оқырманның рухани әлемін байыта отырып автормен шығармашылық байланыс орнатуға зор мүмкіндік береді деп сенеміз.
Кеш соңында автор қонақтарға естелік ретінде қолтаңбасын беріп, кітаптарын сыйға тартты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *