Skip to content

№1 балалар музыка мектебінде ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл…

№1 балалар музыка мектебінде ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Махаббаттың мәңгілік мұнарасы» атты жыр кеші өтті.
Шара қонағы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын, аудармашы Гүлсамал Төрединқызы Аймаханова тың естеліктерімен бөлісіп, ақынның шығармашылығы туралы терең әңгіме қозғады.
№1 балалар музыка мектебінің оқушылары Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған әндерді шырқап, Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп оқушылары «Жүрегі жырдан жаралған» әдеби монтажын ұсынды. Оқырмандарымыз Тұманбай Молдағалиев туралы қызықты сұрақтарға жауап беріп, «Әуенді тап» сайысы арқылы өзара бақ сынасты.
Оқырман назарына «Лириканың алтын кілті» атты кітап көрмесі ұсынылды.

#ҰлттықКітапКүніАқтөбе
@aqtobe.madeniet

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *