Ұлттық кітап күні қарсаңында «Кітап сиқыры» атты кітапқұмарлар алаңы өтті.
Шара қонағы Еңбек ардагері медалінің иесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Ініме хат», «Көңіл көктемі» жыр жинақтарының авторы, ұлағатты ұстаз Серікбай Қайдасұлы Қайдасов өз өміріндегі кітаптың маңызы туралы және ең алғаш оқыған кітабынан алған әсерін еске түсіріп, кітап – адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани құндылығы, өмір айнасы, тарих шежіресі, өнер-білім бұлағы екендігін айтып, оқырмандарымызды кітап оқуға шақырды.
Балалар шығармашылық үйінің шешендік өнер үйірмесінің оқушылары өздерінің оқыған кітаптары туралы әсерлерімен бөлісіп, оқырмандарға «Кітап – жарық ғалам…» әдеби монтаж ұсынса, №63 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің 7 ә класс оқушысы, «Едіге» жыр мектебінің жыршысы Сұлтан Қарағұлов Серікбай Қайдасовтың «Кітапхана-қазыналар қоймасы» өлеңімен шарықтатата шараны аяқтады.
Тақырыптық кітап көрмесі арқылы кітап оқудың пайдасы мен кітапхананың қоғамдағы орнының маңызы насихатталды.
