«Абай» гүлзарында Ұлттық кітап күніне арналған «Балалар әдебиеті – ғажайып ғаламшар » алаңын өткізді. Жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдеби мұраға деген сүйіспеншіліктерін ояту және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған шарада тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, ақын Н.Байғаниннің туғанына 165 жыл толуына арналған жыр сағаты, «Бүгінгі сән-Кітап оқу» тақырыбымен «Айсын» радиожурналистика мектебінің «Үздік жас тілші» иегерлерімен кездесу, Г.Х.Андерсеннің «Түймеқыз» ертегісінен қойылым қойылды.
Интерактивті ойындар мен әдеби викториналар ұйымдастырылып, алаңға жиналған балалар ашық аспан астында сурет салып, әр түрлі кейіпкерлермен естелік фотоға түсті. «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының» «Айгөлек» үлгілі хореографиялық ұжымы «Кітаппен дос боламыз» флешмоб ымен көпшіліктің назарын аудартты.
Іс шара аясында оқырмандарымыз ақын Бауыржан Құрманқұловпен тілдесіп, кітап оқудың құндылығы туралы ой бөлісіп, өнерлерін көрсетті. Кітап оқу эстафетасында өздеріне ұнаған кітап және жыр жолдарын оқып, әдебиет әлеміне еніп, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайтты.
Оқырман мен кітапты жақындататын бұл мереке жыл сайын кең көлемде аталып өтіліп, әр адамның жүрегіне кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға қызмет етеді деп сенеміз.
@aqtobe.madeniet
@73zhbbom_
@6_mektep_gimnaziyasy
@2_gymnasium_aktobe
@cdutaktobe
#ұлттықкітапкүні2025