Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясында ақын Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын насихаттауға арналған «Бұтақтарым биікте, тамырларым тереңде!» жыр кешін өткізді. Кеш барысында қазақ поэзиясының алтын сандығына айналып кеткен Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары, еңбек жолы, халық жадындағы ерекше оқиғалары айтылды. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімін шығармаларына қосқан ақынның өлеңдерінен «Жыр жұлдызы-Жұмекен» әдеби монтаж ұсынылып, ақынның шығармашылығы бойынша әдеби ойын ойнатылды.
Оқырмандар назарына «Өмірім… өрнектелсін өлеңіммен…» кітап көрмесі ұсынылды.
@a.baitursynuly_lmg
