ӘДЕБИЕТІМІЗДЕГІ 100 ТАҢДАУЛЫ КІТАПТЫ АЙҚЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ САУАЛНАМА БАСТАЛДЫ
⚜️Ұлттық құрылтайдың бастамасымен жүзеге асырылып отырған бұл жоба елдегі әдеби мұраны сақтау және дамыту мақсатында отандық авторлардың 100 ең танымал кітабын анықтайды, деп хабарлайды @egemenkz
Сауалнаманың басты мақсаты – қазақстандық жазушылардың шығармаларын насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру және баспа ісін қолдау.
Сауалнама «Электронды үкімет» инфрақұрылымы арқылы өткізіледі. EGov.kz ресми сайтында сауалнама жүргізу үшін арнайы форма орналастырылған, онда әр азамат сүйікті қазақстандық жазушысының шығармаларын таңдай алады.
Қатысушылар прозадан бастап поэзия, фантастика, публицистика және тарихи романдарға дейін әртүрлі жанрларда 10 кітапты таңдай алады. Сонымен қатар, қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары қарастырылған. Алғашқы 1000 қатысушыға Meloman-Marwin желісінен кітап және арнайы номинациялар бойынша қосымша сыйлықтар беріледі.
Сауалнама 3 ай бойы жалғасады, сауалнама нәтижелері 10 тамызда жарияланады, бұл күні Абай күнін атап өтумен бірге, оқуға деген қызығушылықты арттыруға және ұлттық әдебиетті дамытуға жаңа қадам болады.
Сіз де оқырман,сауалнамаға үлесіңізді қосып, өз үздіктеріңізді📚 таңдай аласыз