7 Мамыр Отан қорғаушылар күніне орай №13 орта мектептің «Жас сақшы» сыныбында «Отан – рухы биік, асқақ ұғым!» патриоттық сағаты өтті. Шара барысында жас сарбаздар Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихымен, әскери қызмет ерекшеліктерімен танысып, «Әскери барлаушы», «Зерек сарбаз» ойындарына белсенді қатысты. Жас сақшылар «Азат елдің жұлдыздары» әнін хормен орындап, мерекемен құттықтады.
«Ел тірегі – ер» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
@akt_13_13
