Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс шежіресі» әдеби-тарихи кеш өтті. Жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеу мен өскелең ұрпаққа патриоттық рух беру мақсатында өткізілген шараға №65 ЖББОМ оқушылары қатысты. Оқырмандар Ұлы Жеңіс тарихымен тереңірек танысып, майданда болған қазақ қаламгерлерінің шығармашылығынан толық ақпарат алды. Мектеп оқушылары «Ұлы Жеңістің ізбасарлары» атты әдеби монтаж ұсынды. «Сен танитын қаламгер» тапсырмасы мен викториналық сұрақтарға жауап беріп, тарих пен әдебиетке қатысты өз білімдерін сынады. Оқырмандар назарына «Тағзым саған, Ұлы Жеңіс!» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
