АРМАН. ЖІГЕР. ЖЕТІСТІК» жобасы аясында «Жыр – жүректің бұлбұлы» атты «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі Сарин Әділбек Мұхидуллаұлы және жас жыршылармен кездесу кешін өткізді.
Шара қонағы Әділбек Мұхидуллаұлы жыршылық өнердің рухани рух беретін, қоғамдық ойды қозғайтын күш екендігін, жыршы да жырау да халық қадірлейтін беделді тұлға екенін жеткізіп, жыршылық өнер мәртебелі кәсіпке айналса деген тілегін білдірді. Ер Едіге» жыр мектебінің ұстаздары мен шәкірттері халқымыздың дәстүрлі жыршылық өнерін дамытып, насихаттау ісіне зор үлес қосатынына, бұл өнердің ендігі жерде үзілмей, ұмытылмай, халқымызбен бірге жасай беретінін жеткізді.
Жас жыршылар “Қырымның қырық батыры”, “Орақ-Мамай” жыр-дастандардан үзінділер орындап, лағыл жырларын төкті.
@aqtobe.madeniet
@6_mektep_gimnaziyasy