Skip to content

Қазақстан Республикасы күніне орай «Қазақстан – бірлігі мықты мемлекет» атты…

Қазақстан Республикасы күніне орай «Қазақстан – бірлігі мықты мемлекет» атты патриоттық кеш ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті, азаматтық сананы және танымдық қызығушылықты қалыптастыру, олардың ой-өрісін кеңейтіп, егемен еліміздің қалыптасу тарихына деген құрмет сезімін арттыру болды.
Патриоттық кеш барысында М.Ғабдуллин атындағы №70 орта мектептің «Қыран» кадет класы мен №13 орта мектептің «Жас сақшы» сыныптары өз қызметтері мен жетістіктері туралы баяндап, патриоттық рухты насихаттап, Отанды сүюге үндеді. Олар алдыңғы аға буынның лайықты ізбасарлары ретінде кейінгі толқынға үлгі бола білді.
Мерекелік шарада №13 мектептің «Жас сақшы» сыныбы Сейтектің «Тойбастар» күйін орындап, кешке ерекше рух берсе, М.Ғабдуллин атындағы №70 орта мектептің «Қыран» кадет класының оқушысы Жұбатқанова Азиза қобыз аспабында «Елигай» шығармасын орындап, көрермендерді тәнті етті.
М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 5-сынып оқушылары С.Тойлыбаевтың «Қазақстан – Республикам менің», А.Асылбековтың «Ұлы Отаным» атты өлеңдерін жатқа оқып, балаларды жігерлендірсе, Рустамов Ришад орындаған «Мен қазақтың баласы» әні оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» вокал сыныбының әншісі Сәденова Назерке орындаған «Жаса, Қазақстан!» әні кештің шарықтау шегіне айналды.
Іс-шара барысында «Жасай бер, Жаса, Қазақстан!» атты кітап көрмесі таныстырылып, жас буынды өз Отанын мақтан тұтуға, елін сүюге және нағыз патриот болуға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *