Skip to content

Нұрпейіс Байғаниннің 165 жылдығына арналған «Сөз асылын жыр білер, қымбат…

Нұрпейіс Байғаниннің 165 жылдығына арналған «Сөз асылын жыр білер, қымбат жырды тіл білер!» Батыс Қазақстан аймақтық Байғанин оқуларының қортынды кеші өтті.

Тарих пен тағылымға тұнған қасиетті Ақтөбе топырағынан тамыр тартқан поэзия дәстүрі жаңғырып, бүгінгі ұрпақпен қайта қауышты.
Қазақтың қара өлеңін қадірлеген, туған жердің тұмса табиғатын жырға қосқан ақын мұрасын дәріптеп, жас ұрпаққа жыраулық өнерді танытып, кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан, қалалық мектеп пен аудандық балалар кітапханаларынан 14 оқушы қатысып 2 бағыт бойынша сынға түсті:
Нұрпейіс Байғаниннің өлең-жырларын жатқа оқу;
Өлкелік ақын-жазушылардың шығармаларынан өлең немесе монолог оқу;

Бұл әдеби бәйге – жыр сүйер жас жүректердің бас қосар рухани мерекесі, осы байқау арқылы жас өрендерге тек өнерді емес, өлең арқылы елді сүюді, сөз құдіретін түсінуді үйретеді. Жас дарындардың өнері мен ізденісі Нұрпейіс Байғанин сынды алып тұлғаның шығармашылығын жаңаша қырынан тануға жол ашады. Мұндай шаралар ұлт руханиятының дамуына, шығармашыл жастардың қалыптасуына зор үлес қосары анық.

Оқырмандар назарына батырлықты, әділдік пен адалдықты дәріптейтін «Жыр жолында асқар тау» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *