Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттерінің қатысуымен «Қауіпсіз интернет – қауіпсіз өмір» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Шараның мақсаты – оқырмандарға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.
Интернетті дұрыс пайдаланып, оның мүмкіндіктерін барынша тиімді қолдану жолдары туралы ақпарат беріліп, тақырыптық кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.







