Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының оқушыларымен жазушы Қуандық Шаңғытбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны бойынша ақпараттық сағат өткізді.
Жобаның мақсаты – балалардың оқу мәдениетін, кітапхананың ақпараттық-көпшілік жұмыстарының белсенділігін арттыру, адамгершілік, рухани, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
Оқырмандарға Қ.Шаңғытбаевтың өмір жолы мен шығармашылық қабілеті, ойының ұшқырлығы мен аудармалары жайында терең сөз қозғалып, өткір, терең және тұжырымды өлеңдері жатқа оқылып, туған жерді сүюге шақырылды.
Сондай-ақ осы уақытқа дейін оқу марафонына қатысқан аудан, қала мектептері мен кітапханаларының көпшлік іс-шаралары туралы мәліметтер беріліп әсіресе Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ орта мектебінде 5-11 сыныптар арасында өткен «Жақұт жырдың жауһары» атты жыр мүшәйрасы атап көрсетілді.







