№50 орта мектеп жазғы лагерінің көңілді де білімге құштар оқушылары бүгін кітапханаға ерекше ықыласпен экскурсияға келді. Оқушылар кітапхана ережесімен танысып, «Кітапты қалай ұқыпты ұстау керек?» , «Жаңа кітаппен танысу ережесі» тақырыптарында шағын сабақ өтті. Жаңадан келіп түскен «Сиқырлы дара мүйіздер», Эрдоған Фатихтың «Сиқырлы кітап», Люис Кэрроллдің «Алиса Айна ішіндегі тылсым елде», Қадыр Мырза Әлінің «Жүз жаңылташ», «Жүз ертегі», «Омар мен Құмар», «Жүз жұмбақ» кітаптары көрсетіліп, жұмбақтар шешті. Ертегілерді дауыстап оқыды, пікір алмасты.
Балалар бүгінгі экскурсияда кітапхана жұмысы туралы түсініктерін кеңейтіп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.
