Skip to content

«Демалыс бізде, кітаппен бірге!» жазғы оқу жобасы аясында № 2…

«Демалыс бізде, кітаппен бірге!» жазғы оқу жобасы аясында № 2 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының оқушылары кітапханаға экскурсия жасады. Оқырмандарға кітапхана ережесі таныстырылып, «Ер төстік», «Менің ұзын кітабым», 3D виртуалды шындық көзілдірігі арқылы суреттер бейнеленген «Динозаврлар» , «Әлем ғажайыптары» атты кітаптар көрсетілді. Балалардың зейінін оятып, ой өрісін жақсарту мақсатында логикалық сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *