2025 жылғы 22 тамызда Н.Байғанин атындағы Облыстық балалар кітапханасы «CAMPIT» жазғы демалыс лагерінің балаларымен ҚР Конституциясының 30-жылдығына арналған «Ата Заңым –жер бетінің тыныштығы» атты квест өткізді.
Шара мақсаты- Конституция туралы түсінік беру, құқықтық сауаттылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, өз міндеттері мен құқықтарын білуге, шешім қабылдай алуға үйрету, кітап оқуға баулу.
Квесттен өту үшін екі командаға «Маршрут қағазы» беріліп, төрт кезеңнен тұратын тапсырмалар ұсынылды. «Ізден, тап» кезеңіңде қос команда түрлі локацияларда жасырынған конверттерді тауып, Конституциядан алынған терминдерді құрастырды, «Сөз атасы- мақал» кезеңінде киіз үйде жасырынған ребустардан мақал құрады. «Менің елім» кезеңінде пазлдардан Қазақстан картасын жинақтап, «Сөзжұмбақ» шешті.
Оқырмандарымыздың назарына «Ата Заңым – елімнің рухы» кітап көрмесі ұсынылды.
22 августа 2025 года Областная детская библиотека им. Н.Байганина провела квест на тему «Ата Заңым- жер бетінің тыныштығы», посвященный 30-летию Конституции РК, в детском летнем лагере отдыха «CAMPIT».
Цель мероприятия – разъяснение Конституции, воспитание правовой грамотности детей, воспитание патриотизма, повышение культуры чтения.
Для прохождения квеста обеим командам были вручены «Маршрутные листы» и предложены задания, состоящие из четырех этапов. На этапе «Кто ищет, тот найдет» члены команды находили спрятанные в разных локациях конверты и собирали термины из Конституции, на этапе «Пословица в ребусе» разгадывали пословицы, спрятанные в ребусах. На этапе «Моя страна» собирали из пазлов карту Казахстана, и в заключение разгадывали «Кроссворд».
Вниманию читателей была представлена книжная выставка «Ата Заңым – елімнің рухы».









