7-ҚАТЫСУШЫ
№ 69 жалпы білім беретін орта мектептің 1- сынып оқушысы – Сабыр Кәусар
"Менің мысығым" 🐈
Менің арманым бар еді. Ол кішкентай мысық алдыру болатын🐱. Ол кезде біз этаж үйде 🏫тұратынбыз.Ата-анам ұнемі айтатын "этаж үйде болмайды мысық асырауға" деп.Өткен жазда жер үйге көшіп келдік.Сол арман күзде орындалды. Нағашы ағам бір апайдың үйінен мысық алып келді 🐈. Ол өзі өте әдемі мысық болды. Есімі Персик .Келген соң біз бір -екі сағаттан кейін жуындырып алдық. Есік алдына шығарып , айналамен таныстырдым. Кішкентай шарик , ойыншық қуалап ойнап жүріп қазір өсіп қапты мысығым. Атын атап шақырсақ, жүгіріп келеді. Ол көбінесе етті 🥩жақсы көреді. Мұздатқышты ашып қалсан болды, еттің сонда екенін біліп жетіп келеді . Біз оның қылығына қарап сүйсінеміз😻. Оның ақылы да бар . Өзінің жататын орнын да біледі. Біз оған бауыр басып қалдық.
#балаларкітапханасы #меніңсүйіктіжануарым