Skip to content

№56 жалпы білім беретін орта мектепте қазақтың ұлы ғалымы Шоқан…

№56 жалпы білім беретін орта мектепте қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқтығы биік Шоқан» атты танымдық сағат өтті.
Шараның мақсаты – оқырмандарды қазақтың тұңғыш ғалымы, көрнекті этнограф, саяхатшы және тарихшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, сондай-ақ кітап оқу мәдениетін арттыру болды.
Іс-шара барысында оқырмандар Шоқанның балалық шағы, кадет корпусындағы білім жылдары, ғалым болып қалыптасу жолы, ғылыми зерттеулері мен саяхаттары жөнінде кеңінен мағлұмат алды. Сонымен қатар, зияткерлік ойындар арқылы өз білімдерін шыңдады.
Оқырмандар назарына «Ғылым қанатындағы ғұмыр» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Областная детская библиотека имени Нурпеиса Байганина совместно со средней школой №56 провела познавательный час под названием «Шоқтығы биік Шоқан», посвящённый 190-летию со дня рождения великого казахского учёного Шокана Уалиханова.
Цель мероприятия – познакомить читателей с жизнью и творчеством первого казахского учёного, выдающегося этнографа, путешественника и историка Шокана Шынгысовича Уалиханова, а также повысить культуру чтения.
В ходе мероприятия участники узнали о детских годах Шокана, периоде его обучения в кадетском корпусе, становлении как учёного, о его научных исследованиях и путешествиях. Кроме того, с помощью интеллектуальных игр читатели смогли закрепить свои знания.
Вниманию участников была представлена книжная выставка «Ғылым қанатындағы ғұмыр».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *