Skip to content

🇰🇿4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне арналған Сазды орта мектебінде…

🇰🇿4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне арналған Сазды орта мектебінде «Оқитын дос іздеймін!» жобасы аясында «Рәміздер – ұлттың киесі, рухтың тірегі» атты патриоттық сағаты өтті.
Шарада Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі болған халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі – мемлекеттік рәміздеріміз туралы терең ақпарат берілді. Жас жеткіншектердің отансүйгіштік сезімін оятып, рәміздерді құрметтеуге үндейтін өлең-жырлар жатқа оқылып, мемлекеттік рәміздердің айбыны мен қадірі асқақтатылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *