31 – ҚАТЫСУШЫ
№2 ЖОББМГ 3 "ә" класс оқушысы – Теңізова Әсем
Көктем мезгілі болатын🌳. Түстен кейін үйдің ауласына ойнауға шықтық. Жанымда екі інім Мансұр мен Мадияр бар. Ойыншықтарымызды құмға жайып жайғаса бастаған сәтте әлсіз ғана мияулаған мысықтың дауысын естідім.
Айналаны көзбен шолып шықтым, таппадым. Орнымыздан тұрып іздеуге кірістік. Жаңағы мияулап тұрған кіп-кішкентай, сұрғылт түсті бала мысық екен. Мен оны жерден көтеріп алып құшақтап едім, тыныштала қойды да, еркелей бастады. Өзі сондай сүйкімді, көздері аянышты болып көрінді. Мен үйден жастық пен жамылғы көрпе әкеліп, ұйықтатқым келіп жатқызсам, мысық қашып кетті. Қайтадан жатқызамын, қаша жөнеледі. Сол сәтте сыртымнан бақылап тұрған анам күліп жіберді. "Қызым, ол жануар ғой, адамдар секілді көрпе жамылып ұйықтамайды" деді. Мен сол сәттен бастап мысықтарды жақсы көріп, қызықтайтын болдым😻.
#балаларкітапханасы #меніңсүйіктіжануарым