30 шілде – Халықаралық достық күніне орай біздің кітапхана «Кел, дос болайық! Let’s make freinds!» тақырыбында екі тілде кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрменің басты мақсаты халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Кітапхана қызметкерлері кішкентай бүлдіршіндерді достыққа адал болуға, өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге шақырды.
Көрмеге «Адал дос», «Кел, достасайық», «My friends», «Менің досым», «How to make friends», «Достық жоралғы» және тағы басқа кітаптар қойылды.
Нашей библиотекой была организована книжная выставка на тему «Кел, дос болайық! Let’s make freinds!» посвященная Международному дню дружбы.
Главная цель выставки – показать, что дружба народов – залог единства страны. Сотрудники библиотеки призывали детей быть верными дружбе, знать язык и религию своего народа, и уважать духовное богатство других народов.
На выставке были представлены книги «Адал дос», «Кел, достасайық», «My friends», «Менің досым», «How to make friends», «Достық жоралғы» и другие.