22 тамыз күні Н.Байғанин атындағы обылстық балалар кітапханасы «Пайдалы демалыс – сүйікті кітаптарды оқимыз» жазғы оқу жобасы аясында № 40 «Балдаурен» балабақшасында танымдық сағат өткізді. «Кішкентайлар мен ақылдыларға» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Балақайлардың жас ерекшелігіне сай «Қызықты Виммельбух», 4Д көрінісімен толықтырылған «Әліппе» , «Менің алғашқы сөздігім», кітаптары көрсетілді. Одан бөлек «Добро пожаловать в деревню», «Как делают хлеб?», «Откуда в кране вода?», «Кто что говорит?», «Кто что ест?» кітапшалары балалардың кітапқа деген ынтасы мен қызуғышылықтарын оятты. Іс-шара жан жылуын сездіретін, шаттыққа толы жағдайда өтіп, балғын бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.






