Skip to content

2025 жылғы 13 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында…

2025 жылғы 13 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында ІІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті. Шәкәрім поэзиясы мен философиясындағы терең ойларды ұрпақ санасына сіңіріп, ақынның шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында өткізілген байқауға қалалық және аудандық балалар кітапханалары ның белсенді оқырмандары қатысты. Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушы Ақтөбе қаласы Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы № 66 ЖББОМ 7 Б сынып оқушысы Ақбота Нұрайым Республикалық кезеңге жолдама алды.
Ақынның ұлы тұлғасын ұлықтап, оның адамгершілік, әділдік, ақиқат іздеу идеяларын ала отырып ұлттың рухани мәдениетіне үлес қоса алатын жас ұрпақты тәрбиелеуде мұндай байқаулардың берері мол деп білеміз.

✨Республикалық кезеңде Ақбота Нұрайымға тек сәттілік тілейміз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *