2022 жылғы 7 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Жасыл әлем» экологиялық клубының бүкіләлемдік экологтар және қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Жасыл ел – жасыл әлем» экотанымдық сағаты өткізілді. Шара балаларды қоршаған ортаны қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, табиғатты қорғап аялай білуге бағытталды. «Жасыл әлем» экологиялық клубының мүшелері «Жеріңді аяла, адамзат!» атты кітап көрмесінде Д.Бернидің «Табиғат ғажайыптары», Р.Әлімқұлованың «Қызықты биология», М.Әкімжановтың «Табиғат» және басқа да табиғатты қорғауға арналған кітаптарына қызығушылық танытты. Шара барысында оқушылар табиғат құбылыстары бойынша эко-жұмбақтар мен жалғасын тап ойындарына қатысып, ой сергіту сұрақтарына жауап берді.
Сегодня в нашей библиотеке прошло очередное заседание экологического клуба «Жасыл әлем», посвященное всемирному дню охраны окружающей среды «Жасыл ел – жасыл әлем». Защитники природы- члены клуба проявили интерес к книгам Д.Берни «Табиғат ғажайыптары», Р.Алимкулова«Қызықты биология», «Табиғат» и другим брошюрам об охране окружающей среды на книжной выставке «Жеріңді аяла, адамзат!». В ходе экологического часа ребята отгадывали эко-загадки, предлагали свои пути решения одной из глобальных проблем- загрязнение мирового океана, рассказали о том, как сами соблюдают правила по сохранеию нашей окружающей среды.