Skip to content

2022 жылғы 5 тамызда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы…

2022 жылғы 5 тамызда Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Мен өлеңін оқимын Ұлы Абайдың» атты Абай күнін Абай гүлзарында өткізді.
Ақындықтың көсемі,даналықтың өлшемі бола білген ұлы тұлғаның
сәулелі өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада: қазыналы әжесі Зере мен аяулы анасы Ұлжаннан алған тәлімі, білімі мен ақындық жолы туралы айтылды. Өзі өлсе де,артына өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақынның шығармашылығы бойынша ұйымдастырылған «Абай тағылымы-мәңгілік азық» кітап көрмесіне өлеңдері,поэмалары, қара сөздері, аудармалары, сондай-ақ ақынның әдеби шығармашылығына арналған көркем әдебиеттер,солардың ішінде ғаламдық тұлғаның ұлылығын ұлықтаған жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы оқырмандар назарына ұсынылды.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері: Сарман Айша, Шатаева Меруерт, Сатаева Айлин, Бекболат Нұрай, Сайдолла Кәусар ақынның шығармашылығынан өлең жолдарын жатқа оқыды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *