2022 жылғы 29 шілде күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Абай гүлзарында «Кітап және кино» әдеби ойын-саяхатын өткізді.
Шара барысында қазақ кино өнерінің тарихы, даму жолы, бүгінгі келбеті және әдебиет пен киноның ұлттық рухты бекітетін маңызды орны туралы айтылды. Тарих, сенім, намыс және елге, жерге деген шексіз құрмет пен риясыз махаббаттың өрнегі болған тарихи жанрдағы фильмдер туралы ақпарат берілді.
«Кино – Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» кітап көрмесіне кешегі кино тарихымен бүгінгі кино әлемінен сыр шертетін кітаптар, ұлттық рухани мұраларды экран бетіне шығаруда елеулі еңбек еткен белгілі кино режиссерлар мен актерлардың, ардақты тұлғалардың өмірін қамтыған кітаптар қойылды. Кино өнерінің классикасына айналған М.Әуезовтың «Көксерек», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» «Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» және тағы да басқа құнды шығармалар қала тұрғындарының назарына ұсынылды.
29 июля 2022 года областная детская библиотека имени Нурпеиса Байганина провела на бульваре имени Абая литературную игру-путешествие «Кітап және кино».
Цель мероприятия: укрепить и углубить знания детей о мире казахского кино, его роли в жизни человека и общества, воспитание эстетического чувства детей.
На книжной выставке «Кино – Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» представлены книги об истории становления казахского кино, о современных достижениях казахского кинематографа, о фильмах из сокровищницы казахского киноискусства, знаменитых режиссерах и актерах нашего кино.
Также были предложены детям книги, по сценариям которых были созданы классические фильмы – «Көксерік» Мухтара Ауезова, «Менің атым Қожа» Бердибека Сокпакбаева, «Махаббат қызық мол жылдар», «Қан мен тер» Абдижамиля Нурпеисова.