Skip to content

2022 жылғы 28 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы мемлекет…

2022 жылғы 28 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы мемлекет қайраткері, қазақ ғылымының бірнеше саласының негізін қалаған ғалым, ақын, публицист, балалар әдебиетіндегі ірі тұлға А.Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Ұлт көсемсөзінің көшбасшысы» онлайн-конференциясын өткізді.
Шараның мақсаты – қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Нәзима Қуанышбайқызы Оташева қатысып, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы Ахмет Байтұрсынұлы жайындағы құжаттар туралы айтып, тарихтағы ұмытылмайтын істері, саяси қызмет жолы, қазақ тіліне қосқан үлесі мен қазақ әдебиетіндегі елеулі орнын дәріптеді.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, ақынның жырларын оқыды.

28 февраля 2022 года областная детская библиотека имени Нурпеиса Байганина провела онлайн-конференцию «Ұлт көсемсөзінің көшбасшысы», посвященную 150-летию со дня рождения Ахмета Байтурсынова –выдающегося просветителя, поэта, ученого.
Цель мероприятия : ознакомить с жизнью и творчеством видного казахского общественного деятеля, поэта, ученого, педагога Ахмета Байтурсынова.
В мероприятии приняла участие ученый-секретарь Костанайского областного историко-краеведческого музея Назима Куанышбайкызы Оташева , она раскрыла многогранную деятельность Ахмета Байтурсынова, как ученого,государственного деятеля, литератора, журналиста, деятеля движения «Алаш», рассказала о жизни настоящего патриота своей Родины, отдавшего свою жизнь за счастливое будущее казахского народа.
Члены литературного клуба «Желкен» приняли активное участие в проведении конференции, каждый из них раскрыл одну из граней таланта Ахмета Байтурсынов, в целом создавая портрет подлинного гражданина и патриота своей страны.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *