Skip to content

2022 жылғы 26 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы…

2022 жылғы 26 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Оқы, ақтөбелік өренім! облыстық оқу марафоны аясында өлкетанушы Рысжан Ілиясованың туғанына 85 жыл толуына орай М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Тарихтан сыр сабақтаған» атты тарих сағатын өткізді.
Шара барысында өлке тарихының әр кезеңінде өшпес із қалдырып, мұражай саласында ерен еңбек еткен, өлкетанушы Рысжан Ілиясованың өмірі мен тарихқа қатысты құнды дүниелерді ұрпаққа жеткізуде іңкәрлікпен атсалысқан үлесі туралы мәлімет берілді.
«Өлке тарихында қалған есім» атты кітап көрмесі жасақталып, ұлағатты тұлғаның тарихқа қатысты жазған айшықты шығармалары оқырмандар назарына ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *