2022 жылғы 2 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне арнап М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Киелі, қасиетті, құдіретті, қәдірле, Рәміздерді, жүрекпенен!» патриоттық сағат ұйымдастырды.
Шарада Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі болған халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі – мемлекеттік рәміздеріміз туралы терең ақпарат берілді. Жас жеткіншектердің отансүйгіштік сезімін оятып, рәміздерді құрметтеуге үндейтін өлең-жырлар жатқа оқылып, мемлекеттік рәміздердің айбыны мен қадірі асқақтатылды.
Оқырмандар назарына «Рәміздер – ұлттың киесі, рухтың тірегі» атты кітап көрмесі ұсынылды.
2 июня 2022 года областная детская библиотека провела в специализированной школе-интернате для одаренных детей имени М.Кусайынова патриотический час «Киелі, қасиетті, құдіретті, қәдірле, Рәміздерді, жүрекпенен!», посвященный Дню государственных символов.
Цель мероприятия: способствовать формированию представлений о нашем государстве, символах Республики Казахстан, воспитывать любовь к Родине, уважение к государственным символам, патриотизм.
Вниманию читателей была предствлена книжная выставка «Рәміздер – ұлттың киесі, рухтың тірегі».