2022 жылғы 18 қазанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Рухани келісім күніне арналған «Тәуелсіздік негіздерінің бірі – рухани келісім» кездесу кешін өткізді.
Тұрақтылықтың іргетасы – Рухани келісім күні орай өткізілген шараға Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжайнар Серғазықызы Алашбаева мен орынбасары Рәмзия Шаухатқызы Есенбаева қатысып, ұлттық құндылық, татулықты ту еткен бірлік пен ынтымақ, ұлтаралық қатынас екендігін, Көк тудың астында көп ұлттың өмір сүруі қазақ даласының кеңдігін, қазақ елінің дархан пейілді қонақжай халық екендігін айқындап тұрғанын айтып, жақсы қарым-қатынаста болуға шақырды.
Оқырмандар назарына «Достықтың дархан ұясы» кітап көрмесі ұсынылды.
Шараға М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің жоғарғы класс оқушылары мен Ақтөбе педагогикалық колледжі студенттері белсене қатысты.
18 октября 2022 года областная детская библиотека имени Н.Байганина организовала вечер-встречу «Тәуелсіздік негіздерінің бірі – рухани келісім», посвященную Дню духовного согласия.
Главной целью стало формирование у учащихся казахстанского патриотизма посредством культурного наследия народов Казахстана, а также воспитание любви и уважение к культурам, историческому прошлому и наследию народов, проживающих в Казахстане.
Гости мероприятия, председатель совета матерей при Ассамблеи народа Казахстана Гульжайнар Алашбаева, ее заместитель Рамзия Есенбаева отметили, что этот день сплачивает народ Казахстана вокруг традиционных нравственных ценностей, пропагандирует идеи толерантности и духовного согласия во имя мира и стабильности в казахстанском обществе.
Вниманию читателей была представлена книжная выставка «Достықтың дархан ұясы»