Skip to content

2022 жылғы 17 қарашада Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы №…

2022 жылғы 17 қарашада Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы № 67 жалпы білім беретін орта мектебінде 8-11 класс оқушылары арасында өткізілген «Тұлға болам» атты мектепаралық кітап оқу марафонының қорытынды шарасына қатысып, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ғибратты ғұмыр иесі» атты кітап көрмесін ұсынды.
Аталған кітап көрмесінде көрнекті жазушының өмірі мен шығармалары туралы мәлімет беріліп, қызықты естеліктер мен жас ұрпақты әдепті болуға баулитын аталы сөздері айтылды. Халықтың ыстық ықыласына бөленген «Махаббат қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз», «Мәңгілік махаббат жыры», «Өмір өрнектері», «Әскери күнделік» т.б. көркем шығармалары терең таныстырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *