Skip to content

2022 жылғы 16 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы…

2022 жылғы 16 наурыз күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Оқырмандар «Дін қазіргі қоғамда қандай орын алады?», «Діннің адамның рухани өміріндегі орны» тақырыптары бойынша өздерінің пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы теолог маманы Нұрлан Асанов жастардың діни сауаттылығын ашатын мәселелерді көтеріп, оларды қазақ халқының мәдениеті мен озық салт-дәстүрін құрметтеуге, туралықтан таймауға шақырды.
«Дін – тәрбиенің рухани тірегі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, Фараби, Баласағүни, Яссауи бабаларымыз салып, Абай, Шәкәрім және Мағжан, Жүсіпбек даналарымыздың шығармалары насихатталды.

16 марта 2022 года областная детская библиотека имени Н.Байганина провела круглый стол «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі».
Участники мероприятия за круглым столом обсудили такие вопросы как: «Какое место занимает в нашем обществе религия?», «Роль религии в духовной жизни человека».
Специалист-теолог информационнно-теологического центра «Ансар» Нурлан Асанов рассказал об основных ценностях традиционного ислама, остановился на вопросах религиозной грамотности молодежи, о формировании уважения к народной культуре и традициям казахского народа.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *