Skip to content

2022 жылғы 10 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы қазақтың…

2022 жылғы 10 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы қазақтың көрнекті сазгері Ғазиза Жұбанованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Жақсы әкенің қызы» атты өнер сағатын өткізді.
Ғазиза Жұбанованың рухани мұрасын, өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарада Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әлия Шалманова Ғ.Жұбанованың қазақтың ән-күйлерін жетік меңгергенін, музыка саласын жаңа көркемдік дәрежеге көтерген еңбегі және музейдегі экспонаттар туралы әңгімеледі.
№1 музыка мектебінің скрипка класының оқушысы Сагалова Алина, оқытушысы Надель Елена Сергеевна және концертмейстер Қожанбаева Бибінұр Қайырғалиқызының сүйемелдеуімен Ғазиза Жұбанованың шығармасын орындап, әуезді, ерекше үнмен тамсантты.
«Желкен» әдеби клубының мүшесі М.Жұбанованың Ғазиза Жұбановаға арнаған арнау өлеңін оқыды.
«Ұшқан ұядан ән-күй әлеміне» кітап көрмесі және «Қазақтың көрнекті сазгері» тақырыбында слайд оқырмандар назарына ұсынылды.

10 февраля 2022 года областная детская библиотека имени Н.Байганина провела час искусства «Жақсы әкенің қызы», посвященный 95 летию со дня рождения композитора Газизы Жубановой.
Научный сотрудник Актюбинского областного историко-краеведческого музея Алия Шалманова рассказала о жизни и деятельности выдающегося художника эпохи Газизы Ахметовны Жубановой – композитора-новатора, творившего во всех жанрах современной музыки, ознакомила с экспонатами музея.
Учащаяся музыкальной школы № 1 по классу скрипки Сагалова Алина, учитель музыки Елена Сергеевна Надель под аккомпанемент концертмейстера Бибинур Каиргалиевны Кожанбаевой исполнили произведений Газизы Жубановой.
Участница мероприятия, член литературного клуба «Желкен» прочитала посвящение Муслимы Жубановой сестре Газизе.
Был проведен библиографический обзор по книжной выставке «Ұшқан ұядан ән-күй әлеміне» и показ слайдов по теме «Қазақтың көрнекті сазгері».

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *