2021 жылдың 28 қыркүйек күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Zoom платформасында ақын Мейірхан Ақдәулетұлының 70 жасқа толу құрметіне арналған «Өзім – өмірмін, өмірмен күресіп жүрмін…» кездесу кешін өткізді.
«Желкен» әдеби клубының мүшелері әліпбинама арқылы ақынның шығармаларшылығымен таныс екендігін көрсетіп, ақынға арнаған өз тілектерін хат арқылы жеткізіп, қаламгермен еркін сұхбаттасты.
Шарада ақынның сөздің күшін, ойдың шексіздігін, адамның ішкі жан дүниесін ашатын терең өлеңдері жатқа оқылып, оқырмандар назарына «Тереңге тартқан текті ақын» атты кітап көрмесі ұсынылды.
28 сентября 2021 года областная детская библиотека имени Н. Байганина провела вечер-встречу "«Өзім – өмірмін, өмірмен күресіп жүрмін…» посвященную 70-летию со дня рождения поэта Мейрхана Акдаулетулы.
Члены литературного клуба "Желкен" рассказали читателям о жизни и творчестве поэта, передали поздравления и пожелания юбиляру.
На мероприятии прозвучали стихии М. Акдаулетулы, читателям был представлен обзор книжной выставки «Тереңге тартқан текті ақын».