2021 жылдың 13 қазан күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Zoom платформасында жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 85 жыл толуына орай «Шын жазушы қиынға ұмтылады» әдеби кеш өткізді.
Шарада жазушының туған жері, өскен ортасы, шығармашылық жолы туралы кеңінен айтылды. «Менің қарындасым», «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Басында Үшқараның» сияқты өмірдің болмысын шынайы бейнелейтін көркем туындылары жайлы сөз қозғалды.
Шараға №31 қазақ орта мектебінің, Бауыржан Момышұлы атындағы №62 жалпы білім беретін орта мектебінің, Ғұбайдолла Ақтаев атындағы №6 мектеп – гимназиясының оқушылары мен ұстаздары және «Желкен» әдеби клубының мүшелері белсене қатысты.
13 октября 2021 года областная детская библиотека имени Н.Байганина с помощью платформы ZOOM провела литературный вечер «Шын жазушы қиынға ұмтылады», посвященный 85-летию со дня рождения писателя Саина Муратбекова.
На вечере шел разговор о казахском писателе, переводчике, журналисте, лауреате литературной премии имени М.Ауезова, Государственной премии РК, авторе рассказов и повестей «Моя сестренка», «Запах полыни», «Дикая яблоня».
В мероприятии приняли участие учащиеся и учителя средних школ №6 им. Г.Актаева, №31, №62 им. Б.Момышулы, члены литературного клуба «Желкен».