№ 2 жалпы білім беретін орта мектептің 5 класс оқушылары және «Білім» оқу орталығының оқушылары көктемгі демалыстарын тиімді пайдаланып, кітапханамызға экскурсияға келді. Кітапқұмар балалар Р.Қожағұлованың «Әжемнің ертегілері», Т.Вишнякованың «Батырлар туралы ертегілер», Ә.Қадірханованың «Күн астындағы Күнікей қыз», «Жас детективтер», Арасанбай Естен «Алаш – біздің атамыз» сынды танымдық кітаптармен танысты. Кітаптан оқығандарын бір-бірімен бөлісіп, «Minecraft», «Гравити фолз», «Я не твоя мама» кітаптарына қызығушылық танытты.
Жас оқырмандарға кітапхана ережесі түсіндіріліп, кітап атты ұлылықпен дос болуға шақырды.
