№2 мектеп-гимназияның 4 класс оқушыларымен «Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін» атты квиз өтті. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, қауіпсіз жүріс-тұрысты насихаттау мақсатында өткізілген шарада жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, жол белгілері мен олардың мағыналары, велосипед, самокат, көлік құралдарын қолданудағы қауіпсіздік, жол-көлік оқиғаларынан сақтану жолы туралы ақпарат берілді. Ойын арқылы балалар жол тәртібін біліп қана қоймай, жаяу жүргіншілердің жолдан өту кезіндегі қауіпсіздігі туралы QUIZ сұрақтарына және жұмбақтарға жарыса жауап берді. Оқырмандар «Тоқта», «Дайындал», «Жол ашық» бағдаршам белгілері арқылы «Жол ережесін сақтау-өмірді сақтау» деген ұранмен шараны аяқтап «Бағдаршам сенімді серігің» атты кітап көрмесімен танысты.
