✨19 наурыз күні, Алматы қаласы “Меломан” дүкенінде шығармашылық атмосферада қазақ ақыны Нұрпейіс Байғаниннің ағылшын тілінде жарық көрген “Нарқыз” поэмасының салтанатты тұсаукесері өтті. Бұл туынды британдық Hertfordshire Press баспасынан басылып шығып, өткен жылы Лондонда орналасқан Еуразиялық Шығармашылық Гильдиясы ұйымдастырған Шотландия фестивалінде Hertfordshire Press Award сыйлығына ие болған.
✨Сонымен қатар 8 наурыз күні Yunus Emre Institute алаңында Орталық Азия елдері елшіліктерінің белсенді қатысуымен қазақ халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің Narqyz кітабының тұсаукесері де өтті. Бұл шара әдебиет сүйер қауымды және Қазақстан мен Орталық Азия мәдениетіне қызығушылық танытатын жандарды бір арнаға тоғыстырды.
📖Narqyz – жай ғана поэма емес, қазақ әдебиетінің баға жетпес мұрасы. Ол қоғамдағы әйелдің рөлі секілді маңызды тақырыпты қозғайды. Поэма қайсар да жігерлі Наркыздың тағдырын баяндайды. Оның қайраттылығы мен рухының беріктігін Нұрпейіс Байғанин өзіне тән шеберлікпен жеткізген. Лондонда өткен тұсаукесер қазақ әдеби мұрасын халықаралық деңгейде насихаттаудың маңызды қадамы болды.