Skip to content

№15 «Жидек» бала бақшасында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік…

№15 «Жидек» бала бақшасында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік – бақыттың бастауы» библиомикс өтті.
Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында өткізілген шарада кішкентай оқырмандарымыз мерекелік көңіл күй сыйлап, елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің ән, билерінен өз өнерлерін көрсетті.
Бірлік пен достық туралы кітаптармен танысып, әр түрлі шығармашылық тапсырмалар орындап, мейірім мен қуанышқа толы орта қалыптастыра алды.
«Кел, дос болайық» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

#birlik2025
#БірлікКүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *