№13 «Бөбек» балабақшасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздер – мақтанышым» тақырыбында патриоттық сағат өтті. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті нығайту, рәміздерімізге деген құрметті арттыру мақсатында өткізілген шарада балалар Ту, Елтаңба және Әнұран туралы мәліметтермен танысып, тақырыптық өлеңдер оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Кішкентай бүлдіршіндерімізге еліміздің тарихынан сыр шертетін бейнеүзіктер ұсынылып «Шапшаңдықпен жауап беру», «Қимылмен көрсету» ойындары ойнатылды.
Мемлекеттік рәміздер –елдің еңсесін көтеріп, болашаққа деген сенімін бекемдейтін құндылықтар. Бүгінгі патриоттық сағатта оларды қастерлеу әрбір азаматтың парызы екендігін ұғындыра алды.
