№11 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 1-сынып оқушылары үшін ерекше танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында кішкентай оқырмандар QR-код арқылы таныстырылған заманауи және қызықты кітаптармен танысты. Атап айтқанда, балалар «Моя первая энциклопедия динозавров», «Чух-чух, Би-бип, Ту-ту», «Мяу-мяу, Гав, И-го-го», «Р-р-р, У-ух, Фыр-фыр» сияқты балалардың танымын кеңейтетін, қызығушылықтарын оятатын әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, логикалық ойлауды дамытатын «Противоположности» және «Проделки фокусника» атты кітаптар да ерекше әсер қалдырды.
Кітапхана ережелері оқушыларға ойын түрінде түсіндірілді. Балалар «Разрешается» және «Запрещается» деген екі топқа бөлініп, ережелерді меңгерді. Бұл тәсіл олардың ережелерді оңай әрі қызыға қабылдауына ықпал етті. Шара барысында оқушылардың ертегілерге деген қызығушылығын анықтау мақсатында «Любимые герои сказки» және «Угадай сказку» атты викториналық ойындар Wordwall платформасы арқылы ұйымдастырылды. Балалар сүйікті ертегі кейіпкерлерін оңай танып, белсенділік танытты. Іс-шара соңында оқушылар жапондық әдіс бойынша сергіту ойынын ойнап, жақсы көңіл-күймен тарасты. Мұндай әсерлі кездесулер балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырды.
Была организована увлекательная экскурсия для учеников 1-го класса школы-гимназии №11.
Во время мероприятия юные читатели познакомились с современными и яркими детскими книгами с помощью QR-кодов. Особый интерес у ребят вызвали такие издания, как «Моя первая энциклопедия динозавров», «Чух-чух, Би-бип, Ту-ту», «Мяу-мяу, Гав, И-го-го», «Р-р-р, У-ух, Фыр-фыр» — книги, способствующие развитию кругозора и пробуждению познавательного интереса у детей. Не менее увлекательными для участников стали и логические книги «Противоположности» и «Проделки фокусника», развивающие мышление и внимание.
Правила поведения в библиотеке были объяснены в игровой форме. Ребята разделяли правила на — «Разрешается» и «Запрещается», и с увлечением осваивали библиотечный этикет в процессе игры. Такой подход позволил легко и весело усвоить важную информацию. С целью выявления интереса к сказкам были проведены викторины «Любимые









