📚 100 кітап – Ұлттық сауалнама жобасы 📚
✍️ Ұлтты рухани жаңғыртатын бастама!
Ұлттық құрылтайдың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 кітап» ұлттық сауалнамасы – ел азаматтарының сүйікті кітаптарын анықтап, қоғамдық талғамды, ұлттық құндылықтарды, оқырмандық мәдениетті насихаттауға бағытталған бірегей жоба.
Қазақ қоғамында сұранысқа ие, ел жадында сақталған ең үздік 100 кітапты айқындау;
Оқуға құштар ұлт қалыптастыруға ықпал ету;
Кітап оқу мәдениетін дамыту және кеңінен насихаттау;
Ұлттық әдебиет жауһарларын жаңа буынға таныстыру мақсатында ұйымдастырылған жобаға
🗳️ Сіз де үлес қоса аласыз!
Сауалнамада өзіңіз оқыған, ұнатқан, өзгеге ұсынар едім деген 10 кітапты таңдасаңыз жеткілікті.
🌐 Онлайн қатысу үшін: eGov Mobile қосымшасын жүктеп, порталға кіріңіз; Басты беттегі «Таңдаулы 100 кітапты бірге анықтайық!» деген батырманы басып, кітап ұсыну бетіне өтіңіз;
Осы бетте өзіңізге ұнайтын 10 үздік шығарманы енгізіп, «Дайын» батырмасын басыңыз.
📖 100 кітап – бұл сенің таңдауың, сенің даусың, сенің болашағың!
#100кітапжобасы
#100кітап